Ақтөбеде жылыту маусымы ұзартылды
13:23, 20 Сәуір 2011
АҚТӨБЕ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ауа райының салқындап кетуіне байланысты Ақтөбедегі жылу беру маусымы бірнеше күнге ұзартылды.
Қала әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкіміне сәйкес, тұрғын үй және қоғамдық нысандарға жылу 26 сәуірге дейін берілетін болады. Әлеуметтік нысандарға жылу 1 мамырға дейін беріледі.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, биылғы жылыту маусымы коммуналдық қызметтер жұмысында ақаусыз өтті. Жылумен тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, кәсіпорындар мен ұйымдар қамтамасыз етілді. Бұған сапалы дайындық пен барлық жоспарланған шаралардың дер кезінде жүзеге асырылуы ықпал етті.