Ақтөбеде зираттағы құлпытастарды қиратқан жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылады

Фото: Фото: Видеодан алынған скрин

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Мұғалжар ауданы Көтібар батыр ауылындағы зиратта үш оқушы құлпытастарды қиратып тастаған. Полиция кәмелет жасқа толмаған балаларды, ата-аналарын тапты. 

Мұғалжар ауданы Көтібар батыр ауылы маңындағы зиратта құлпытастар қирап жатыр. Мұны сол жерге барған адамдар түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберді. Видеоден мәрмәр тастан жасалған құлпытастардың құлап, қирап жатқанын көруге болады. Полиция күдіктілерді іздеп тапты.

— Учаскелік полиция инспекторлары күдіктілерді іздестірді. Үшеуі де кәмелет жасқа толмаған. Олар құлпытастарды құлатып, бүлдірген. Балаларын дұрыс бақыламаған ата-аналар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс аясында жауапқа тартылады. Себебі балалардың бәрі 7-8 жаста. Сонымен бірге бүлінген құлпытастарды қалпына келтіреді. Облыстық полиция департаменті ата-аналарға бала тәрбиесін назардан шығармай, заң бұзудың алдын алуға шақырады, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, былтыр Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды