Ақтөбедегі кафеде газ-ауа қоспасы жарылып, екі адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кафеде жарылыс болды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Видеодан скрин

13 қараша күні сағат 10:28–де Ақтөбе қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 14/1 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кафеде газ-ауа қоспасы жарылды.

Оқиға салдарынан кафенің жапсарлас салынған құрылымы опырылып, артынша өрт шықты. Сондай-ақ тұрғын үйдің терезе құрылымдары зақымданды.

Оқиға орнына Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетті. Өрт сағат 10:53–те толық сөндірілді.

Бұдан бұрын Қызылордадағы кафеде өрт шығып, екі жұмысшы күйіп қалғанын жаздық.