Ақтөбедегі ауруханаларында лаңкестік салдарынан зардап шеккен 16 адам емделуін жалғастыруда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік салдарынан зардап шеккен 16 адам емделуін жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 5- 10 маусым аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 39 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 10.06.2016 ж. сағ. 09:40-та), 2 адам теміржол ауруханасына (10.06.2016 ж. сағ. 05:00-де) жіберілді.

Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 16 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша  ұсынымдар берілді.

Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 2 адам стационарда қайтыс болып, 5 пациент ауруханадан шығарылды.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласының стационарларында 16 зардап шеккен азамат емделуде, оның  ішінде 13 адамның жағдайы орта деңгейдегі ауыр, 3 пациенттің жағдайы ауыр деңгейде (10.06.2016 ж. ауруханаға жатқызылған пациентті жедел түрде емдеуде) деп бағаланып отыр.

Бүгін ауруханаға 05.06.16 ж. жатқызылған пациенттердің бірі республикалық санитарлық авиация көмегімен Нейрохирургия ұлттық орталығына жеткізіледі.