Ақтөбедегі дүкеннің сатушысы қоқыспен бірге қоспалауыштарды да шығарды, 817 мың теңгеден астам зиян келтірілді
14:02, 27 Желтоқсан 2011
АҚТӨБЕ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласындағы құрылыс дүкендерінің бірінде сатушы 817 мың теңгеден астам ұрлық жасағаны үшін айыпталды. Үш айдың ішінде ол дүкеннен әлденеше рет тауарлар алып шығып, оны жасырын түрде сатқан.
Облыстық ІІД-нің баспасөз мәслихатында айтылғандай, 27 жастағы сатушы-кеңесші қоспалауыштарды ұрлағаны үшін айыпталады. 20 қыркүйектен 20 желтоқсанға дейін күдікті азамат қоспалауыштарды ғимараттан қоқыспен бірге шығарғандығы, содан кейін оларды сату мақсатымен үйіне апарғандығы анықталды.
Аталған дерекпен ҚР ҚК-нің 175 бабына («Ұрлық») сәйкес қылмыстық іс қозғалып, ұрланған заттар қайтарылды. Күдікті азамат ешқайда кетпеу қолхатына қол қойды.