Ақтөбедегі мектеп оқушысының өліміне қатысты бірнеше тергеу нұсқасы қарастырылуда
Оның мүрдесі 9 қараша күні сөмкенің ішінен табылды.
Облыс прокуратурасы аппаратының жетекшісі Руслан Жасановтың сөзіне қарағанда, тергеудің кісі өліміне байланысты бірнеше нұсқасы бар. Алайда тергеу аяқталғанша, ол құпия түрде сақталмақ.
Р. Жасановтың айтуынша, осы қылмысқа күдікті Ақтөбенің 21 жастағы тұрғыны мен Мәртөк ауданынан 20 жастағы қыз қазір қамауға алынды. Қыз қылмысты мойындайтын түсінік берді, тексеру барысында қаланың әр бөлігінен қаза болған қыздың киімі, ұялы телефоны және сөмкесі табылған.
Прокурорлардың сөзіне қарағанда, ер адам кісі өлтіру қылмысын жасағанын мойындамай отыр. «Қылмыс орын алған жерде үш тірі адам болды, олардың біреуі өлтірілген, қалған екеуі өздерінің болған оқиғаға байланысты көзқарастарын айтуда» - деді Р.Жасанов.
Брифинг барысында қыздың оның әкесінің қызметіне, яғни әскер саласындағы жұмысына байланысты өлтірілген деген нұсқа айтылды. Прокурор сонымен қатар, қыздың зорлануы мүмкін деген фактіні жоққа шығармады, растамады да. Себебі қыздың денесі үстіндегі киімінсіз ақ қапқа оралған күйінде табылған. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр. Қызды буындырып өлтірген.