Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде облыс әкімі 150 адамға арнап ауызашар берді

None
АҚТӨБЕ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде интеллигенция, бизнес және жастар өкілдерінен құралған 150 адамға «Ауызашар» өткізді.

Өткен жұма күні облыс әкімі барлық шақырылғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында Мемлекет Басшысының бітімгершілік саясатының арқасында еліміз бейбітшілік пен келісімнің аумағына, әлемдік конфессияаларалық диалогтың орталығына айналғанын атап өтті. Оның дәлелі - бас қала Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің төрт рет өткізілуі.

Өз сөзінде облыс әкімі мұсылман дінінің еліміздің және аймақтың өміріндегі рөлі мен мағынасын ерекше атап өтті. Ақтөбе облысы тұрғындарының үштен екі бөлігін мұсылмандар құрайды, аймақта 64 мешіт жұмыс істеуде. Соңғы уақытта облыста мешіттер қызметінің кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі бойынша үлкен жұмыс жасалды.