Ақтөбелік ардагерге «Үш би» төсбелгісі табыс етілді
13:46, 06 Мамыр 2010
АҚТӨБЕ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ұлы Отан соғысына қатысушы, Ақтөбе облысының сот жүйесінің ардагері Темірболат Қайсаровқа «Үш би» төсбелгісі табыс етілді.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл - сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі, судья ретіндегі үздік қызметі үшін берілетін жоғарғы сот наградасы. Темірболат Қайсаров осынау награда табыс етілген - екінші ақтөбелік, ал республика бойынша - 61-ші адам.
Т.Қайсаров майданға 1942 жылы 17 жасында аттанды. Соғыстан кейін ол сот жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етті. Қазір де 86 жастағы ардагер өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады және жас судьялармен тәжірибе бөлісу үшін кездесулер өткізіп тұрады.