Бастапқы кезде жұмаға жоспарланған бұл ойын, ауа райының қолайсыздығына байланысты сенбіге қалдырылған еді. Онда ешбір команда қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмай, есеп 0:0 күйінде өзгеріссіз қалды.
Енді ақтөбеліктер дүйсенбі күні бұл жиындағы ақтық кездесуін Баку қаласының "Нефтчи" командасымен өткізбек.
Әзірбайжан Премьер-лигасында өнер көрсететін Беюкага Гаджиев жаттықтыратын бакуліктер 2011/2012 жылғы маусымда ел чемпионы атанған болатын. 2008 жылы Интертото кубогынын финалисі атанған "Нефтчи" Әзірбайжан чемпионатында соңғы 22 жылда 8 дүркін чемпион, 3 рет күміс, 5 рет қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ бес рет Әзірбайжан кубогын және 2006 жылы ТМД және Балтық елдерінің "Достастық" кубогын иеленіп, 2005 жылы финалист болды.
09:12, 20 Қаңтар 2013
Ақтөбелік аяқдопшылар Кишиневтің «Рапидімен» 0:0 болып тарқасты
АЛМАТЫ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - 19 қаңтар күні Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақтөбе» футбол командасы Молдованың Кишинев қаласының 'Рапид' командасымен спаррингтік кездесу өткізді.