Онда команда сапына 1 2 шартымен жаңа ойыншы Абылайхан Махамбетов қосылды. Осындай мәртебеге 2007 жылы ие болған қорғаушы Петр Бадломен келісімшарт мерзімі тағы бір жылға ұзартылды. Ал қақпашы Андрей Симдельников, жартылай қорғаушылар Марат Хайрулин мен Сергей Ковальчук екі жылдық, қорғаушы Юрий Логвиненко үш жылдық мерзімдерге жаңа келісімшарттар жасасты. Сондай-ақ шабуылшы Александр Гейнирихтің арендасы 2013 жылдың аяғына дейін ұзартылды.
Владимир Никитенко жаттықтыратын ақтөбеліктердің келесі жиыны 7 қаңтарда Түркияда жалғасады. Биыл Премьер-лигадағы ел чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтқан олардың жаңа маусымға әзірлік кезіндегі алғашқы шетелдік оқу-жаттығу жиыны Анталияда өтпек.