Ақтөбелік футболшылар Еуропа лигасының 3-раундын Бельгияның «Генк» командасымен өткізеді

None
АЛМАТЫ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін ақтөбелік футболшылар УЕФА Еуропа лигасының 3-раундындағы алғашқы кездесуін сырт алаңда Бельгияның «Генк» командасымен өткізеді.

 Оған фин қазылары төрелік етпек. В.Муханов жаттықтыратын «Ақтөбе» футбол клубы 2-раундта сырт алаңдағы алғашқы ойында  Молдованың Оргеев қаласының «Милсами» командасына  2:4 боп ұтылғанымен, өз алаңындағы қарымта кездесуде 3:0 есебімен басым түскен болатын. Ал 1-раунда Грузияның Кутаиси қаласының «Торпедо» командасынан сырт алаңды 1:1 есебімен тең түсіп, өз алаңында өткен қарымта ойында 1:0 есебімен ұтқан еді.

Ақтөбеліктердің бұл жолғы қарсыласы 1988 жылы құрылған «Генк» футбол командасы. Голландиялық Марио Беен жаттықтыратын бельгиялықтар өткен жылы Бельгияның Бірінші дивизионында ел чемпионы және Суперкубок жеңімпазы атанған болатын. Олар  жалпы Бірінші дивизионда 3 рет ел чемпионы (1998/99, 2001/02, 2010/11) атанып, 3 дүркін (1998, 200, 2009) ел кубогын және  1 рет Суперкубокты (2011) иеленген.