Ақтөбеліктер қан қысымын өлшеуден Гиннестің рекордын жаңартуға жиналып жатыр
19:18, 05 Шілде 2018
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бір мезетті 500 дәрігер тұрғындардың қан қысымын өлшейді. Сөйтіп 2015 жылы Үндістанда тіркелген Гиннесс рекорды жаңарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана қаласының 20 жылдығына орай Ақтөбенің дәрігерлері Гиннесс рекордын жаңартуды қолға алды. «Денсаулық» саябағына барлығы 500 дәрігер жиналып, олар бір мезетте қала тұрғындарының қан қысымын өлшеуге дайындалып жатыр. Сөйтіп, 1 сағатта 4 мың адамның қан қысымын өлшеу тапсырмасы орындалды.