Мәліметке сәйкес, тәжірибелі украиналық маманның Заря клубымен қолданыстағы келісімшарты бар және ол келісім мерзімін толық өтеуді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта Виктор Скрипник Германияда демалыста жүр. Ол 14 қаңтар күні кешке Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына «Заря» командасына қосылып, келесі күні жаңа жылдағы алғашқы жаттығуын өткізеді деп жоспарланған.
Қазір «Заря» Украина чемпионатында 23 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында тұр.
Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Виктор Скрипник қазақстандық Ақтөбе клубының бас бапкері болуы мүмкін екенін хабарлаған.
Айта кетейік, Али Алиев «Жеңіс» футбол клубының тізгінін ұстады.