Прокуратура Ақтөбе қаласындағы А. Молдағұлова даңғылы бойындағы автомобиль жолын орташа жөндеу шартының құнын негізсіз арттырудың алдын алу шараларын қабылдаған.
— 2022 жылы Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Нұрлы Жол-7» ЖШС арасында аталған жолды орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге сомасына шарт жасалған. Алайда, жеткілікті негізсіз жоба-сметалық құн қайта есептеліп, шарт сомасы 1,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған. Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде шарт сомасы 300 млн теңгеге төмендетіліп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алуға мүмкіндік берілді, — делінген хабарламада.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады әрі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында болады.
Айта кетейік, Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық әрекет күдігімен ұсталды.