Ақынның шығармашылық кешінің ашылу салтанатында Павлодароблысы әкімі аппаратының басшысы Ағыбай Әмірин аймақ басшысы Болат Бақауовтыңарнайы құттықтауын жеткізіп, ақын иығына шапан жапты. Сондай-ақ, Павлодар қаласының әкіміҚайрат Нүкеновтің, Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арыновтың, «Шаңырақ» халықшығармашылығы орталығы директорының құттықтаулары мен сый-сияпаттары табысетілді.
«Бейсенбі Мұқажанов колхоздың қойын бағудан бастағанеңбек жолы бойына біткен өнер мен ерекше қабілеттің арқасында шығармашылыққаауысып, қырық жылға жуық уақыт мәдениет саласында еңбек етті», - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінде. «Отыз жеті мүшел жасында алғаш жырдодасына шығып, жеңімпаз атанған ақынның жеңісті жолы еліміздің әр өңіріндеөткен республикалық, халықаралық ақындар айтысында да өз жалғасын тапты. Атап айтқанда, алдыңғы аға буын Естай менҚимадиденнің ұйқасты сөз өнерін сабақтап, еліміздің Семей, Көкшетау, Петропавл,Тараз, Алматы, Ақтау, Ақмола, Павлодар қалаларында, сондай-ақ көршілес РесейФедерациясының Омбы облысында өткен республикалық жыр додаларында өңіріміздің намысын абыроймен қорғады. Сол айтыстарда өзінің суырып салмаақындығы, орындаушылық шеберлігімен танылып, халықтың ыстық ықыласына бөленді,«Айтыстың қара нары» атанды. Бойына біткен ақындық өнерді келер ұрпаққа үйретумақсатында аудан көлемінде қабілетті жастарды іздеп тауып, «Жас ақындар» мектебінұйымдастырған. Бейсенбі Мұқажанов еліміз егемендік алған 1991жылдан бастап күні бүгінге дейін аудандық мәдениет үйінде нұсқаушы болып қызметістейді. Аудан, облыс көлемінде өтетін бұқаралық-мәдени іс-шараларға, өңірдіңқоғамдық өміріне белсене қатысады. Еңбек жолындағы жетістіктеріескеріліп, аудан, облыс, республика деңгейінде түрлі марапаттарға да ие болды.Бүгінгі күні ол «Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіменмарапатталған.