Өткен жылға қарағанда биыл кен құрамындағы мыстың үлесі азая бастаған. Былтыр бұл көрсеткіш 0,75 пайыз көлемінде болса, биыл 0,62 пайызды құрап отыр. Соған қарамастан, жалпы өндірісте өсім бар. Бұл фабриканың жұмыс қарқыны күшейгенін білдіреді. Алғашқы 6 айда сульфидті кеннен 49 мың тонна мыс, оксидті кеннен 11,5 мың тонна мыс алынып отыр.
Жыл көлемінде Ақтоғай кенішінен 110-130 мың тонна мыс алу көзделген. Жарты жылдың көрсеткіші сол межені орындауға үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Өндірілген мыс көлемі - 61 мың тонна. Жалпы Ақтоғайдағы кен қоры 28 жылға жетеді деп есептелген. 2021-2027 жылдар аралығында кешеннің екі бірдей кен байыту фабрикасы толық іске қосылып, жобалық қуатына енуі тиіс. Бұл шақта жылына 190 мың тонна мыс алынады деген жоспар бар.
«2018 жылдың бірінші жартысында біз жоғары операциялық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Ақтоғай байыту фабрикасының жоғары өткізу мүмкіндігі 2017 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 18 пайыздық өсімге себепкер болды. Ілеспе өнімдер өндіру бағытында да жұмыс жанданды» - дейді KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам.