Ақтоты Райымқұлова елімізді әлемге танытып жүрген жастармен кездесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық байқауларда жүлдегер атанған жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге «Славянбазары – 2019» конкурсының жеңімпазы Әдіхан Макин мен Украинада өткен «Молодаягиличина-2019» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін алған Қуаныш Ерзатұлыжәне І орын жүлдегерлері Мереке Кенжеғұл мен «Қазақ қыздары» триосы келді.

«Күллі әлемге Ұлыдала елінің өнері мен мәдениетін насихаттап жүрген еңбектеріңізге шексізалғысымды білдіремін (...) Қазақтың қоңыр үні халқымыздың маңдайынабіткен бағы десем, артық айтқаным емес. Өздеріңіз білесіздер, Әміре ҚашаубаевПарижді қалай бағындырса, Димашымыз миллиардтаған халқы бар Қытайды, кейінірекәлемді мойындатты. Мінекей, сіздер де дарындарыңызбен көзге түсіп, жүлдеменкеліп отырсыздар. Шын жүректен қуаныштымын. Болашақта әлем сахналарында бұданда қор жетістіктерге жететіндеріңізге сенімдімін», - деді Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндеөткен кездесуде.


Сонымен бірге, кездесуде Қазақ ұлттық өнер Т. Жүргеноватындағы өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров ҚР Мәдениет және спортминистрлігіне алғыс білдірді.

«Славянбазары» - Еуразиякеңістігіндегі беделді орындаушылар байқауы. Төрт жыл бұрын Димаш осы байқауданқанат қағып ұшты. Қазір әлемді бағындырды. Сіздің де (Ақтоты Райымқұлова -ред.) ана ретінде Әділханға жазған қолдауыңызды жеткізіп жүрдім. Тағы бірайтарым, әнші Тамара Гвердците́ли бас жүлдені тапсырып жатып, Қазақстанда өнерге,мәдениетке қолдау білдіргені үшін Елбасына алғыс айтты. Әділхан биыл біріншірет тағайындалған Беларусь президенті Александр Лукашенконың «Славян үміті» сыйлығын жеңіп алды», - деді Асхат Маемиров.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студентіӘділхан Макин «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болды.

Былтыр бұл байқауда қазақстандық Ернар Садырбай жүлделі 1-орын иеленсе, 2015 жылы ДимашҚұдайберген тұңғыш рет Гран-при жеңіп алған еді.


Соңғы жаңалықтар