Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова барша қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомоство басшысының facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«Достар, баршаңызды Спорт күнімен құттықтаймын!

Таң сайынжаттығу жасайтындарды да, Жеңіс тұғырына көтеріліп, біздің аспан түстестуымызды желбіретіп, көңілімізге еліміз үшін мақтаныш сезімін ұялататынотандастарды да құттықтаймын. Әдетте спорт туралы айтқанда, бапкер менжанкүйерді елемей кетіп жатамыз, алайда осы үштіктің бірлігінің арқасында ғанажетістікке қол жеткізуге болады. Спортқа, демек ұлт денсаулығына үлес қосқанадамдардың бәрін құттықтаймын, - деп жазды министр.

Сондай-ақ ол тамыздың үшінші жексенбісінде елімізде спорт күні аталып өтетінін, Тәуелсіздік алғаннан бері біздің спортшылархалықаралық сайыстарда Қазақстанның айбынын асқақтатып, жас ұрпақ олардың сара жолынжалғастыруда екенін атап өткен.

«Бұған тұрақтысаясат та әсер етуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа деген әр Жолдауындаспорттың адам өмірінде ғана емес, қоғамда да маңызды рөл атқаратынын айтыпотыратын. ТұңғышПрезидент атап өткендей, 2020 жылға дейін Қазақстан халқының 30 % бұқаралықспортқа тартылуы керек. Спорт шынымен де адамдардың ғана емес, мемлекеттерарасындағы татулықты нығайтады. Біз осыны естен шығармауымыз керек»,-депжазады Ақтоты Райымқұлова.

«Токиодағыжазғы Олимпиада да аз уақытта келіп жетпек - бұл тарихи оқиғаның спортшыларымызүшін орны ерекше. Осы бәсекелі додада байрағымыз биікте желбірейді деп сенеміз.Біздің спортшыларға шын жүректен жеңіс тілеймін!»-деп түйіндейдіөз құттықтауын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Соңғы жаңалықтар