«Карантин шараларына байланысты үнемделген қаражат туралы айтар болсақ, бұған дейін айтқанымдай жоспарланған мәдени және спорттық шаралар болмай қалғанын білесіздер. Тіпті бүкіл әлем бойынша ірі спорттық шара саналатын Жазғы Олимпиада ойындары, Параолимпиада ойындары да болмайтын болды. Әлем чемпионаттары да жоспарлы мерзімінде өтпей қалды. Қазіргі таңда біздің спортшылар үйде жаттығуда», - деді министр Ақтоты Райымқұлова.
Министр елде мәдени бұқаралық шаралардың бәрі де онлайн режимге ауыстырылғанын жеткізді.
«Шынында да белгілі сома үнемделіп қалды. Яғни қаражат оңтайландырылып, республикалық бюджетке берілді», - деді Ақтоты Райымқұлова.