Актриса Нина Архипова дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде РСФСР халық әртісі Нина Архипова 95 жасқа қараған шағында көз жұмды,деп хабарлады Мәскеу академиялық театры.

Театр директоры Мамед Агаевтің айтуынша, Архипова үш күн бұрын Боткин ауруханасының оңалту бөлімшесіне жатқызылған.

Нина Никловаевна 1921 жылғы 1 мамырда Омбыда туылған. 1945 жылы ол Щукин атындағы театр учлилщесін бітірді.

1943-1951 жылдары Евгений Вахтангов атындағы театрда жұмыс істеді. 1951 жылы актриса Сатира театрына келді, содан бері ол 100-ден астам рөлдерді сомдады. Архипова «Оян және ән сал!» фильм -спектаклі экранға шыққаннан кейін танымал болды.

Ол кинода 30-дан астам рөлдерді ойнады. Соның ішінде Роман Быковтың және Никита Михалковтың картиналары бар.