«Ақтұмар» тарихи-этнографиялық мұражайы өзінің экспозицияларын қазақ халқының Ұлы аналарына арнады

АЛМАТЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, алдағы халықаралық мұражайлар күні қарсаңында Алматыда «Ақтұмар» мұражайы өзінің есігін айқара ашты.

Бұл шараға музыкалық аспаптарды зерттеуші, этнолог Зәбира Жәкіш шақырылды.

Әсіресе «Аналар ұлағаты - елге аманат» деп аталатын бөлімдегі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даңқты әйелдер туралы экспозициялар келушілердің назарын аударуда. Халқымыздың ардақты әйелдері - Ұмай ана, сақ патшайымы Тұмар ханым, елге тұтқа, ақылшы бола білген Әбілхайырдың әйелі - Бопай, Уәлиханның әйелі - Айғаным, Жәңгірдің әйелі - Фатима және басқалары туралы мәліметтер аса құнды.

Сондай-ақ мұражайда ісмерлер жасаған әртүрлі қолөнері, әшекейлер және әйелдер пайдаланған басқа да заттар, музыкалық аспаптар қойылған. Ұлтық киім-кешектердәің әрбір композициясында тарихи дәстүрлер мен салттардың ізі сайрап жатыр.

«Ақтұмарда» сондай-ақ «Мұражай - тарих мұрасы», «Қазақстандық мұражайлардың дамуы», «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары» және басқа да тақырыптарда дәрістер өткізіліп тұратын болады.