Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақтүтек боран басталды. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаменті республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеуге жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform .
Яғни Түркістан облысынан Жамбыл облысы бағытына қарай «Шымкент-Алматы» автожолының Машат пен Шақпақ ата асуы жабылды.
Аталған аумақта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыс жайттардың алдын алу мақсатында полицейлер 3 блокбекет қойды.
«Осыған байланысты облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауға шақырамыз. Сондай-ақ жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмаңыздар» дейді полицейлер.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.