11:04, 18 Маусым 2009
Акула етінің көмегімен есірткі тасымалданған
МЕХИКО. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат – Мексика полицейлері акуланың тоңазытылған туша еттерінің ішіне жасырылған 1 тоннадай есірткі тәркіледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Коста-Рикадан жеткізілген екі контейнердегі балық етінің ішінен есірткі салынған 870 пакет табылған. Бұл факті бойынша тексеру жүргізілуде.