2012 жылдың 15 қаңтарында Астана қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Сайлау қаладағы 183 дауыс беру учаскесінде жүргізілді. Депутаттық мандат үшін 25 сайлау округінен балығы 77 кандидат бақталастырды.
Қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Астана қаласы мәслихатының бесінші шақырылымына 25 депутатты тіркеді.
Олардың арасында Астанадағы белді екі университеттің басшылары - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев пен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бар.
Депутаттардың жаңа құрамының қатарынан сондай-ақ, бұрынғы халық қалаулыларын да көруге болады. Астана қаласы мәслихатының төртінші шақырылымы жұмыс істеген жылдар ішінде халықтың сенімі мен ризашылығына ие болған Сайфудин Хамхоев («Беркат» Консорциумының басқарма төрағасы), Алмаз Ким («Бахус Астана» ЖШС-ның директоры), Абай Байгенжин «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» РМК-ның директоры) және Гүлнәр Данбаева («Астана» корпоративті қорының директоры) өздерінің бұған дейінгі сайлау округтері бойынша тұрғындардың басым даусына ие болып, депутаттық креслоға қайта отырды.