«Алашым, енді құттықтай берсеңіздер болады! Көп күттірген смарт-тербеткіш те дайын!» делінген хабарламада.
Өнертапқыш жаңа тербеткіштің мынандай қасиеттерімен бөліседі:
- Нәресте жыласа, өздігінен тербетеді;
- Smart-тербеткіш соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жасалған. Нәресте бесігін (кереуетін) анасының көмегінсіз тербетіп, жайлы ұйықтауына мүмкіндік береді;
- Кез келген бесік (кереует) түрін тербетуге қолайлы;
- Еліміздің айтулы өнер жұлдыздарының бесік жырымен әлдилейді;
- Тербеліс уақытын өзіңіз реттей аласыз;
- Өте төмен кернеумен (6 вольт) және батарейкамен жұмыс істейді.
Бесік жырларын орындағандар: Мейрамбек Беспаев, Алтынай Жорабаева, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Қарақат Әбілдина, Майра Мұхамедқызы, Роза Әлқожа, Тамара Асар, Толқын Забировалар.