«Ақылды» саптыаяқ кофені ыстық күйінде сақтап тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Starbucks дүкендерінде кофе мен өзге де сусындарды қажетті температурада ұстап тұратын Ember Temperature Control Mug термос-саптыаяқтары пайда болды.

Құрылғының төменгі бөлігінде температураны реттейтін механизм бар (Фаренгейт және Цельсий шкалаларына ауысуға болады), ал аккумуляторы автономды түрде екі сағат жұмыс істейді.

Бірақ мұндай саптыаяқпен алысқа ұзай алмайсыз - оның сыйымдылығы небәрі 355 мл. Бағасы да арзан емес - 150 АҚШ доллары тұрады.