АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында айтылды.
«Өтініштер 1 және 15 желтоқсан аралығында қабылданады. Тестілеу 15 және 20 қаңтар аралығында өткізіледі» делінген жазбада.
Ал грант тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ны әдеттегідей маусым айында тапсыру керек.
Толық мәліметті Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтынан біле аласыздар.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.