Ақырзаман белгісі: Әлемдегі ең биік ғимарат құрылыстарының бәсекесі басталды

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Жидда қаласында Kingdom Tower атты сәулет жобасы қолға алынды. Ол әлемдегі ең биік ғимарат болайын деп тұр.

muslim.kz сайтының жазуынша, үстіміздегі жылдың наурыз айында аталмыш жобаның құрылысы басталды.

Оның биіктігі жоба бойынша 1001 метрге жетуі тиіс. Ол Дубайдағы әйгілі Бурж Халифтен 173 метрге биік.

Төбесі көк тіреген зәулім ғимараттың маңында 80 мың адамға шақталған шағын қалашық тұрғызылады.