Атап айтқанда, LinkedIn әлеуметтік желісін құрушылардың бірі Рид Хоффман Калифорния байларының тең жартысы ақырзаманға белсенді түрде дайындалып жатыр деп есептейді.
«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Facebook-тың өнім бойынша бұрынғы менеджері Антонио Гарсия Мартинес Тынық мұхитындағы аралдан жер алып, күн батареяларымен жабдықталған үй тұрғызған. Сондай-ақ қару-жарақ сатып алған.
Reddit-тің бұрыңғы бас директорының пікірінше, бункерлерді жабдықтауға кеткен шығын өз-өзін ақтайтын болады.
Басылымның жазуынша, алдыңғы қатарлы IT-мамандар жасанды ақылдан қатты қорқады. Болашақта «ақылды құралдар» көптеген жұмыс орнына ие болып, адамзатқа қарсы бүлік шығаруы мүмкін, деп жазды The Independent.