Ақжал кентінде үйлердің бірінің маңайында белгісіз адам «Мазда-626» автомашинасынан 26 жастағы жігіттің иығына қарудан оқ атып жарақаттап, жасырынған. Бұл туралы ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған.
Күдіктіні құрықтау үшін полиция қызметкерлері «Ұстау» жоспарын енгізді, нәтижесінде уақытша ұстау абақтысына 23 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынды. Ол қылмысты жеке келіспеушілік ниетінен жасағанын мойындады. Оны ұстау кезінде одан 16-калибрлі шолақ мылтық тәркіленді.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген шолақ мылтық баллистикалық сараптамаға жіберілді.