«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында құстардың неден қырылғаны анықталып жатыр

Фото: instagram.com/atyrauormaninspeksia

АТЫРАУ. KAZINFORM —  16 шілдеде резерват аумағында жүргізілген бақылау-мониторинг жұмыстары барысында № 61 квартал — Шалыга аралынан құстардың денелері табылды. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы құстардың өліміне қатысты ақпарат таратты. 

— 2025 жылғы 16 шілдеде резерват аумағында жүргізілген бақылау-мониторинг жұмыстары барысында № 61 квартал — Шалыга аралынан құстардың денелері табылды. 2025 жылғы 18 шілдеде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманымен бірлесіп тексеру жүргізілді. Тексеру барысында құстардың өлекселері анықталды, — делінген хабарламада.

Құстардың өлімінің нақты себебі қазіргі уақытта анықталып жатыр.

Қазіргі таңда резерват аумағында мекеме қызметкерлері күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетелік Маңғыстауда балықтар жаппай қырылып қалған еді