Ақжайық ауданында 105 жасқа толғалы отырған Қ.Ахметоваға құрмет көрсетілді
07:56, 07 Наурыз 2013
ОРАЛ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында тұратын Қапиза Ахметова биыл 105 жасқа толғалы отыр.
Ғасыр жасаған ананы Халықаралық әйелдер күнімен аудан әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, бағалы сыйлық табыс етті.
Қ.Ахметова - өңірдегі ұзақ жасаған жандардың бірі. Өз өмірінде талай қиыншылық көріп, Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын көтерсе де, мойымаған әжей тәуелсіз елдің қадамына дән риза. Ол үйіне келіп, өзін құрметтеген аудан басшысына алғысын білдіріп, барша халыққа ақ батасын арнады.