Ақжайық ауданында тоғыз үйдің қора-қопсысы отқа оранды

None
ОРАЛ. 13 қазан. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы Ақсуат ауылында 10 қазанға қараған түні 9 үйдің қора-қопсысы өртеніп, тұтас алғанда 1584 шаршы метр жер отқа оранды.

Адамдар, тұрғын үйлер аман. Шаруашылық құрылыстарын айтпағанда, 116 бума шөп және 17 арба пішен жанып кетті.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі хабарлағанындай, өрт қасақана от қоюдан тұтанған. Тергеу амалдары жүргізілуде.