Ақжайық ауданында жаңа балабақша іске қосылды

None
ОРАЛ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында бұрынғы мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, «Нұрбақыт» атты жаңа балабақшаға айналды.

Бұл - ауданда соңғы кезде пайдалануға беріліп отырған төртінші балабақша. Қазіргі кезде ауданда бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 91,8 пайызға жетіп отыр.

Іші-сырты бірдей жарқыраған жаңа балабақшада 40 балдырған тәрбиеленбек. Жатын және ойнайтын бөлме, асхана, кір жуатын және басқа орындар жаңа құрал-жабдықтармен қамтылған. Ыстық, суық су кіргізіліп, дербес жылу қазандығы орнатылды. Балабақша құрылысына «Жол картасына» сәйкес облыстық бюджеттен 55 млн. теңге қаралып, ол толықтай игерілді. Оған жергілікті жерден 55 адам жұмысқа тартылса, балабақшада енді 27 адам тұрақты еңбек ететін болады.