Ақжайық ауданының әкімі жүзден жүйрік шыққандарды қабылдады

None
ОРАЛ. 20 қазан. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев биыл елімізде тұңғыш ұйымдастырылған «Үздік педагог» республикалық байқауында осы атақты иеленген тайпақтық мұғалім Бағдагүл Ізбасарованы, Д.Қажымовтың әндерін орындаушылардың І республикалық ән фестивалінде І орынды иеленген Дәурен Ғилманов пен Әнуар Нұрғалиевты қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесуде облыстық жас полицейлер байқауында жеңімпаз атанған Бітік орта мектебінің командасы, сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда үздік көрініп жүрген оқушылар мен олардың ұстаздары да болды.

Осындай алдыңғы толқын мен балауса тасқын шамшырақтардың білімге ұмтылысын, ізденісін, еңбекқорлығын кеңінен үлгі ету әңгіме болды, оларға сыйлықтар тапсырылды.