ОРАЛ. ҚазАқпарат - Азамат Шайхы «Ақжайық» футбол клубының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева жаңа басшыны ұжымға таныстырды.
Азамат Ерболұлы көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, «Ақжайық» футбол клубы үшін бөтен адам еместігін, оны жаңа деңгейге көтеруде бірлесіп қызмет ететінін жеткізді.
Азамат Ерболұлы «Намыс» спорт клубы мен №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері, сондай-ақ «Ақжайық» спорт клубында самбо күресі жөніндегі спортшы, «Ақжайық» допты хоккей командасының бастығы, бас директордың орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан бері «Ақжайық» спорт клубының директоры болды.
Айта кетейік, «Ақжайық» биыл премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатында соңғы орын алғандықтан, бірінші лигаға түсіп қалған болатын. Алдағы маусымда премьер-лигаға қайта шығу үшін күресетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).