«Ақжайық» футбол командасы «Ювентуспен» кездесу өткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақжайык» футбол командасы Түркияда оқу-жаттығу жиыны аясында Румыния Жоғары лигасында ойнайтын «Ювентус» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА қазақстандық клубтың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ойында 2:0 есебімен румыниялық команда жеңіске жеткені хабарланады.