ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан премьер-лига командалары арасында ел біріншілігінде өнер көрсететін «Ақжайық» жаңа екі ойыншымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Александр Воловик пен Сергей Кейлермен келісімшартқа қол қойылды.
Өткен жылы «Ақтөбе» командасының намысын қорғаған А.Воловик «Ақжайық» сапында «3» нөмірмен алаңға шықпақ. Ал «Қайрат» футбол клубы академиясының түлегі, қорғаушы С.Кейлер «6» нөмірмен ойнамақ.
Еске сала кетейік, украиналық маман Владимир Мазяр жаттықтыратын оралдықтар алғашқы ойынын 11 наурызда елордада Қазақстан чемпионы «Астанамен» өткізеді. Биыл «Ақжайыққа» бұдан бұрын В.Мазярдың жеті бірдей отандасы алынған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).