«Ақжайыққа» украиналық футболшы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Украина футбол командасының жартылай қорғаушысы Андрей Ткачук Оралдың «Ақжайығымен» келісімшартқа қол қояды, деп хабарлайды SPORTINFORM.

Украиналық жартылай қорғаушы Андрей Ткачук келесі маусымда оралдықтар үшін тер төгетін болады. Оның Қазақстанға келуіне «Ақжайықтың» тізгінін украиналық маман Владимир Мазярдің ұстауы да себеп болған болуы мүмкін.

30 жастағы жартылай қорғаушы бұған дейін «Полесье», «Карпаты», «Арсенал» (Киев) клубтарында доп тепкен.