ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ақжайық» футбол орталығының тәрбиеленушілері Ресейдің Орынбор облысы Бузулук қаласында өткен жарыста екінші орынды иеленді.
«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, Бузулуктағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігіне 2006 жылғы балалардан құралған командалар қатысты. Бузулук, Колтубановка, Орал, Нефтегорск және Сорочинск қалаларынан барлығы алты команда сынға түсті. «Ақжайық-2006» ойыншылары жартылай финалда Нефтегорск командасын 9:0 есебімен ұтты. Финалда Бузулук пен Орал командалары арасындағы ойын 3:3 есебімен тең аяқталғанымен, пенальти соғудан алаң иелері жеңіске жетті. Үшінші орынға Колтубановка командасы көтерілді. Жас футболшылар түрлі аталымдар бойынша да марапатталды. Соның ішінде оралдықтардан Мұрат Ерасыл «Үздік қорғаушы», Ахмет Айбар «Ең пайдалы ойыншы» атанды.
«Ақжайық-2006» командасының бапкері Филипп Богер екенін айта кетейік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).