Әл-Азһар университетінің шейхы Ахмет әт-Тайып Ислам әлемінің жыл адамы атанды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің шейхы Ахмет Мұхаммед әт-Тайыптың есімі 2013 жылдың таңдаулы тұлғасы ретінде тарихта қалатын болды.

Дубайдағы халықаралық қасиетті Құран сыйлығын тағайындайтын ұйымдастыру комитетінің мүшелері ғалымның асыл дінімізге сіңірген еңбегін ескере отырып, осындай атақ берді.

«Аталмыш комитет жоғарыда сөз болған сыйлықты жыл сайын тағайындайды. Жеңімпаз болғысы келетін адам асыл дініміздің қанат жаюына үлес қосып, елге танымал болуы тиіс» деп жазады muslim.kz.