Әл-Барадеи Мысыр президенттігіне өз кандидатурасын ұсынады

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - МАГАТЭ-нің бұрынғы басшысы Мұхаммед әл-Барадеи алдағы тамыз айында өтетін сайлауда Мысыр президенттігіне өз кандидатурасын ұсынғалы отырғанын мәлім етті.

Бұл туралы «Магрид Араб Пресс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Мысыр халқына қызмет ету, мемлекеттік басқару және жаңартылған саяси жүйе құру реформасына үлес қосу мен үшін үлкен құрмет», -деді 68 жастағы саясаткер Каирде өз жақтастарымен болған кездесуде.

Әл-Барадеи кезінде ұзақ жылдар бойы Мысырдың Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, кейіннен БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеген. 1997-2009 жылдар аралығында МАГАТЭ-ні басқарған. 1981 жылдан бері билік басында отырған Хосни Мүбаракты кетуге мәжбүрлеген қаңтар-ақпан айларындағы бұқаралық наразылық акциясына ен белсенді қатысушылардың бірі болған Әл-Барадеи, үкіметке қарсы шерулер кезінде Мысырда реформа жүргізуді мақсат еткен партиялық емес саяси қозғалысқа жетекшілік етті.

Әл-Барадеи «Атом энергиясын әскери мақсатта қолдануға жол бермеу және атом энергиясының бейбіт мақсатта барынша қауіпсіз жағдайда пайдаланылуын қамтамасыз ету жолындағы еңбегі үшін» 2005 жылы МАГАТЭ-мен бірге Нобельдік әлем сыйлығын алған болатын.