«ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2016 жылдың 11 шілдесінен бастап, Альберт Рау ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалып, бұрынғы қызметінен босатылды», - деп жазды М.Иғали.
А.Рау Рудный индустриалды институтын тау инженері-электрик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Қостанай облысы Рудный қаласында «Казшахторудстрой» тресінде электрослесарь болып бастаған.
1991 - 1992 жж. - Қостанай облыстық халық депутаты кеңесінің Лисаков қалалық атқару комитеті, коммерциялық өзін-өзі басқару басқармасы басшысының орынбасары.
1992 - 1993 жж. - Лисаков қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
1993 - 1994 жж. - Лисаков қалалық әкімшілігінің басшы орынбасары.
1994 - 1995 жж. - Лисаков қалалық әкімшілігінің басшысы.
1995 - 2004 жж. - Лисаков қаласының әкімі.
2004 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері мамандығымен бітірген.
2004 - 2007 жж. - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
2007 - 2008 жж. - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы.
2008 - 2010 жж. - Ақмола облысының әкімі.
2010 жылдың 16 наурызынан бастап - ҚР индустрия мен жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары.
2014 жылдан бастап -ҚР инвестициялар және және даму вице-министрі.