«Тур де Франс» көпкүндік веложарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясының Орыс қызметіне сілтеме жасап.
Бұл 26 жастағы спортшының екінші жеңісі: Контадор 2007 жылы Discovery Channel командасының атынан өнер көрсетіп, «Тур де Франс» жеңімпазы атанған болатын.
Контадор жарысты 85 сағат 48 минут 35 секундпен аяқтап, люксембургтық Энди Шлектен 4 минут 11 секундқа, ал өзінің командалас серігі, «Тур де Франстың» жеті дүркін жеңімпазы Лэнс Армстронгтан 5 минут 24 секундқа озды.