«ҚазАқпарат» тілшісі кесенеден арнайы фоторепортаж әзірледі.
Кешеннің кіре берісі ойып жасалған қоршаулармен безендірілген, оның алдында екі жағында бұл қандай ғимарат екені туралы латын және араб қаріптерімен жазылған тақташа тұр. Кешеннің сол жағындағы бөлігінде галерея мен мешіт орналасқан. Онда 1500 адам намаз оқи алады. «Мекке - бұл мұсылман әлемінің жүрегі, ал Самарқанд - оның басы» дейді. Мұсылманның осы жерге келуі шағын қажылық жасады деп есептеледі екен.
Кешеннің оң жағында кітапхана мен мұражай орналасқан. Көне шынарлардың айналасында хауыздар бар. Оның емдік қасиеті бар деседі. Мұндағы су денеге де, жанға да шипа береді деп есептеледі. Көпшілік осы үшін алыс жерлерден келеді екен. Кешеннің орталығында Исмаил әл-Бұхаридің қабірі орналасқан. Оның биіктігі 17 метр. Шатыры екі көк түсті өрнекпен безендірілген күмбез түрінде жасалған. Қабырғалары да түрлі әсем өрнектермен безендіріліпті. Кесененің орта тұсында ашық-жасыл түсті оникстен жасалған құлпытас қойылды.
Мемориалдық кешен Өзбекстан Республикасының Президенті И. Кәрімовтың бастамасымен салынған.
Имам әл-Бұхари IX ғасырда Бұхарада туып, өмір сүрген. Алайда Самарқанд түбінде қаза тауып, сол жерде жерленген. Ол жерленген жерде мешіт тұрғызылып, шынарлар отырғызылды. Олардың жасы 550 жылдан асады. Әл-Бұхари - ислам әлеміндегі ұлы тұлғалардың бірі, "әл-Жами ас-Салих" хадистерінің авторы.