делінген бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымының қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде.
«Бейбітшілік, келісім, бірлік, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, орнықты даму, халықаралық мойындау -осылардың барлығы Қазақстан халқының жалпы игілігіне айналған Тәуелсіздіктің басты жетістіктері. Өкінішке орай, республиканың жеңістері мен ерліктеріне, біздің ортақ үйіміздің татулығы мен берекесіне қырын көзбен қарайтын, Қазақстанның тұрақсыздығы мен әлсіздігін қалайтын қандай да бір қоғамға қарсы күштер бар. Жаңаөзен қаласы мен Шетпе бекетінде болған оқиғалар қоғамның тыныштығын бұзуға бағытталған және ұйымдастырылған арандатушылық екені ақиқат. Біз оны ашық қылмыстық іс-әрекет және жаппай жүргізілген тәртіпсіздік деп бағалаймыз. Барлық қазақстандықтарды аталған оқиғаны бағалау мәселесінде белсенді азаматтық ұстаным танытуға, Қазақстанның даму жолындағы басты құндылықтары - бостандық, бірлік, тұрақтылық пен өркениетті сақтауға шақырамыз», - делінген үндеуде.