Олардың арасына бұрынғы кеңестік республикалардан 2 жоғары оқу орны ғана еніп отыр. Бұлар - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр бұл рейтингте Қазақстандағы жетекші ұлттық университет 700 жоғары оқу орны арасында 402-орын алған еді. Ал алдыңғы жылы 602-сатыда тұрған болатын. Көш басындағылармен арадағы арақашықтықты 2 жылдан бері тұрақты түрде айтарлықтай қысқартып келе жатқан ҚазҰУ ел Президентінің әлемдік топ-университеттер рейтингісіне ену тапсырмасын лайықты орындауда.