Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да гуманитарлық факультеттерге арналған мультимедиалық компьютерлік кластер ашылды

АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  гуманитарлық факультеттерге арналған мультимедиалық компьютерлік кластердің ашылуы болады.

Ол есептеуіш басқару жүйесі және ақпараттық қор арқылы ақпараттық технологиялық инфрақұрылымның заманауи жүйелі жұмысын қалыптастыруға бағытталады. Мультимедиялық компьютерлік кластер  қолданушылар үшін өте тиімді әрі сапалы қызмет түрі мен аудиториялық қорды оңтайлы қолданыста пайдалану мүмкіндігіне жол ашады. Онда оқытушылар мен студенттер интернет жүйелерімен, ИС «Univer», дәліздік басып шығару жүйесімен, студенттік электронды поштамен және өзге де қызмет түрлерімен жұмыс істей алады.