деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Порталда университет ішінде немесе одан тыс болып жатқан оқиғалар, түрлі мерекелік шаралар, маңызды тақырыптарда өткен дөңгелек үстелдер мен пікірсайыстар және тағы басқа мәліметтер жинақталған.
«ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында университет ректоры бастамасымен 300 компьютерлік Жастар интернет орталығы ашылған болатын. Бүгін міне сол орталықта жастарымызға арналып «Студенттік өмір» атты портал ашылды», дейді ҚазҰУ-дың Даму және құқықтық мәселелер жөніндегі проректоры Нұрлан Ыбырайым.
Сонымен қатар ол ҚазҰУ-дың студенті сайтта 25 Гб көлемінде өзінің Live&Edu атты жеке поштасын аша алатындығын жеткізді. «Бұл құрал университет студенттеріне алыс және жақын елдердегі достарымен, ғылыми әріптестерімен online жүйесі негізінде сөйлесуге мүмкіндік береді», дейді Н. Ыбрайым.
Сондай-ақ студенттер «Форум» бөлімінде ойларын ашық айтып, кез келген сұрақтарды талқылап, қоғамдық шешім қабылдай алады.
Ал Free soft бөлімінде Microsoft бірлестігінің лицензиясы бар MSDN бағдарламалық құралдарды үздік студенттердің тегін алуына жағдай жасалған.
Шараға Microsoft компаниясының Қазақстандағы өкілі Жанар Рахымжанова келіп, студенттерді бүгінгі ашылған орталықтарымен құттықтап, өзінің ізгі ниетін айтты.