деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шараны Ресей Федерациясының білім беру жөніндегі федеральды агенттігі, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың халықаралық білім беру орталығы мен ҚазҰУ-дың шетелдік азаматтарға арналған дайындық және филология факультеттері ұйымдастырып отыр
«Бұл - дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп отыратын фестиваль. 2008 жылы Минскіде, Бішкекте, Бакуде өтсе, 2009 жылы Рига қаласында, Арменияда, Душанбе, Ташкент қалаларында өткен болатын. Шараның мақсаты - университетімізде шет елден келген және жергілікті орысша білім алып жатқан студенттердің сол тілді қаншалықты меңгергенін айқындау», дейді ҚазҰУ-дің филология факультетінің деканы Қансейіт Әбдезұлы.
Фестивальға М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың халықаралық білім беру орталығының профессорлары мен оқытушылары қатысуда. Жыл сайын ММУ факультетінде дүние жүзі мемлекеттерінен келген 1000-нан астам адам орыс тілін үйренуде. Сондай-ақ онда әлемнің жетекші университеттері және білім беру орталықтарымен «Орыс тілі» мақсатты федералды бағдарламасы негізінде байланыс орнатылған.
Сонымен қатар ертең осы жоғарғы оқу орнында ММУ-дың халықаралық білім беру орталығы қазақстандық мамандарға арналған «Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың өзекті аспектілері» атты семинарын өткізбек. Семинарда қазіргі уақыттағы орыс тілінің жағдайы, «Орыс тілі TOFL», Ресей мемлекеттік тест жүйесінің еуропалық стандарттарға сай болуы т.б. мәселелер талқыланбақ. Жиын дөңгелек үстелмен аяқталады деп күтілуде.